Әлеумет

ҰБТ: 180-ге жуық талапкердің тест нәтижесі жойылды

Негізгі ҰБТ-2026 басталғалы бері 92 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Олардың 71 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде тапсырса, 164 талапкер ағылшын тілін таңдаған.

ҰБТ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, екінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 65 пайызы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш 63 балл болды, ал ең жоғары нәтиже 138 балға жетті. ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 235 талапкер де қатысқан.

Ереже бұзғаны үшін барлығы 178 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 103 адам тыйым салынған заттарды алып кірмек болғандықтан тестілеуге жіберілмеген, ал 75 талапкер емтихан кезінде аудиториядан шығарылған.

Бөгде тұлғалардың тестілеуге қатысу деректері тіркелмеген.

Айта кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Бұған дейін екі мүмкіндікті есепке алғанда, 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш түскен.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз