Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:50, 16 Мамыр 2024

ҰБТ-2024: Тестілеу форматы өзгере ме?

в
Фото: из открытых источников

Қазақстанның 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 өңірде ҰБТ 25 мамырда басталады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов мәлімдеді. 

Спикердің айтуынша, қазір 330 мыңға жуық өтініш қабылданған.

«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Қазіргі таңда 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов.

ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі: үш рет – ақылы негізде. Ал негізгі ҰБТ негізінде талапкерлер гранттар беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, биыл тестілеу форматы өзгеріссіз қалғаны айтылды. Талапкерлер үш міндетті және екі таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ, оған 4 сағат беріледі.

«Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 16%-ы «Математика-Физика», 16%-дан астамы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 11%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді - «Биология-Химия», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов.

Фото: ортком

 

Тегтер: