UFC жұлдызы Геннадий Головкинге еліктейтінін айтты
Танымал UFC файтері Хамзат Чимаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы жағымды пікір білдірді.
Чимаев Головкиннің жекпе-жек стиліне қатты қызығатынын, тіпті жаттығу барысында оған еліктеуге тырысатынын айтты.
«Геннадий Головкинмен кездесіп, сөйлескім келеді. Оның жекпе-жегін бақылап отырамын. Маған оның боксы қатты ұнайды. Айтпақшы, бокстан бапкерім соққыларымды дәл Генаның техникасына қарай реттейді. Бірақ мен Геннадий сияқты бокс жасай алмаймын (күледі). Головкин – тәртіпті жігіт, өскелең ұрпаққа үлгі. Егер жақсы боксшы болсаң, көп сөйлесудің қажеті жоқ. Нокауттарың сенің атыңды шығарады», – деді Хамзат Чимаев.
Айта кетейік, Хамзат келесі жекпе-жегін 21 қазан күні Абу-Дабиде UFC 294 турнирі аясында өткізеді, қарсыласы - бразилиялық Пауло Коста.