19:11, 04 Мамыр 2018
«Уйғур авази» ұйғырларды рухани жаңғыртып жатыр
Алматы облысына қарасты Байсейіт, Маловодное ауылдары ұйғыр халқының белгілі перзенттерінінің құрметіне қойылған.
Бұл туралы «Уйғур авази» газеті жазады деп хабарлайды zhasalash.kz сайты.
Апталық басылым 19-сәуір күнгі №16 нөмірінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұйғырша жер-су аттары хақында» (Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә) атты мақала жариялаған. Мақала авторы Абдуллажан САМСАҚОВ Байсейіт ауылы ұйғырдың классик ақыны Сейіт Мұхаммед Қашиннің құрметіне қойылған деп жазады.
Байсейіт — құлжа жолына орналасқан елді мекен. Сонымен бірге ұйғырдың классиік ақыны Сейіт Мұхаммед Қашиннің құрметіне солай аталған. Ақын өмірінің соңғы жыларын осы жерде өткізген. Байсейіт ауылындағы мәдениет үйінің алдына ақынның құрметіне ескерткіш орнатылған. Уйғур авази газеті, «Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә»Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарайтын Маловодное 2014 жылдан бері Бәйдібек би ауылы болып аталады. Бұл елді мекен 1871 жылы құрылған. Газеттегі мәліметке сенсек ауылдың байырғы атауы «Моллавдун» екен.
Малаводное — құлжа жолына орналасқан ауыл. Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта. «Малаводние» сөзі суы аз деген мағынаны білдіреді. Шын мәнінде бұл жер жер асты және жер үсті суларына өте бай болып, орысша атауына сай емес. Бұрын бұл ауыл Молла Авдун есімді ақсақалдыңқұрметіне «Моллавдун» деп аталған. Моллавдун кейіндеп орысшаға — Маловодное болып өзгеріп кеткен.Уйғур авази газеті, «Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә»Фото:zhasalash.kz