Саясат

Үкімет жұмысының деңгейі төмен

Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛИННІҢ үкімет жұмысына көңілі толмайды.

Үкімет жұмысының деңгейі төмен

Ол әсіресе үкіметтіңзаң жобалау жұмыстарының деңгейі төмен екенін айтады. Соның салдарынан мәжілісдепутаттары қайта-қайта түзету енгізіп, қиналып жүр. Нығматулин бұл туралы Парламентпалаталарының бірлескен отырысында айтты.

«Үкіметтің заңжобалау жұмысы әлі де жоғары деңгейде емес. Мысалы, 2018 жылдыңбекітілген жоспарына үкімет өзі 11 рет өзгерістер мен түзетулер енгізді. Ал2019 жылға арналған осындай жоспар жарты жылдың ішінде 6 рет қайта өзгерген.Сонымен бірге үкіметтен келетін заң жобаларының сапасы әлі де жоғары талапқасәйкес келмейді. Мысалы, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеумәселелері жөніндегі заң жобасына — 472, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықмәселелері жөніндегі заң жобасына 500-ден астам түзету енгізілді. Өкінішкеқарай, бұл түзетулер техникалық емес, тікелей мағыналық жағынан алып отыр», — дейді Нығматулин.  

Мәжіліс төрағасыбұдан бөлек үкіметке соншама түзету енгізіп, дайындап берген заң жобаларыныңуақытында қабылданбайтынын, осы сессияда үкіметтен келуі тиіс құжаттардың 64проценті бойынша регламентпен белгіленген мерзім бұзылғанын айтты. Тіпті, бірай ішінде келуге тиіс қорытынды 11 айдан соң бір-ақ келген.

Фото: Zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз