Үкімет Атырауда су тасқынының шарықтау шегі болатынын айтты
ҚР Үкіметі Атырауда алдағы күндері су тасқынының шарықтау шегі болатынын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Бүгінде Атырауды қорғайтын бөгеттердің жалпы ұзындығы – 252 км ге жеткен.
12 мамырда қаладағы су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті, шектік белгі – 550 см. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайту үшін оларды геотекстильдермен және бетон блоктармен нығайту жұмыстары жүргізілетіні айтылған.
Фото: ҚР Үкіметі