Әлеумет

Украина дрондарының шабуылы: Wildberries шығыны 800 млрд рубльге жетуі мүмкін

Украиналық дрондардың шабуылдарынан Wildberries компаниясы мен маркетплейс сатушыларының жалпы шығыны 600-800 млрд рубльге жетуі мүмкін.

Wildberries

Data Insight сарапшысы Сергей Семконың бағалауынша, бүлінген қоймалар мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 147-223 млрд рубль қажет. Ал сатушылардың шығыны 445-507,8 млрд рубль көлемінде бағаланып отыр. Шабуылдардан 400 мыңнан астам сатушы зардап шеккен.

Reuters спутниктік суреттерді талдау нәтижесінде Wildberries өзінің қойма қуатының шамамен 20 пайызынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған. Шілде айының ортасынан бері Санкт-Петербург, Тула, Электросталь, Краснодар және Невинномысск қалаларындағы 20-дан астам логистикалық орталық шабуылға ұшырап, кемінде 14 нысан өртенген.

Бұған дейін The Bell компанияның тікелей шығынын 100-200 млрд рубль деп бағалаған. Шабуылдардан кейін Wildberries-тің тауар айналымы да төрттен бірге төмендеген.

Ресей билігі зардап шеккен компания мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлеп жатыр. 10 тамызда Ресей Орталық банкі банктерге дрон шабуылдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнеске көмек көрсетуді ұсынған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз