Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:53, 28 Мамыр 2024

Украина мен Бельгия қауіпсіздік келісіміне қол қойды

н
Фото: из открытых источников

Бельгия мен Украина қауіпсіздік келісіміне қол қойды. Бұл туралы BBC мәлімдеді.

BBC мәліметінше, Бельгияда сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский осы елдің премьер-министрі Александр Де Кромен қауіпсіздік келісіміне қол қойды.

«Құжат Бельгияның Украинаға биыл кемінде 977 миллион еуро әскери көмек бөлуін, сондай-ақ Бельгия келісімнің он жылдық мерзімі ішінде қолдау көрсету міндеттемесін қарастырады», - деп жазды Зеленский twitter-де.

Зеленский дүйсенбіде Испания премьер-министрі Педро Санчеспен осындай келісімге қол қойған.

Киев бірқатар елдермен, соның ішінде Германия және Италиямен осындай келісімдер жасасты.

Бельгиядан кейін Зеленский Португалияға барады деп күтілуде.

Фото: president.gov.ua

 

Тегтер: