Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 24 Сәуір 2024

Украина НАТО-ға қашан кіреді?

f
Фото:

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның ұйымға қабылданатынын, бірақ бұл әрекет Ресеймен соғыс аяқталғанға дейін болмайтынын айтты, деп жазады BBC.

Ал, Президент Зеленский Украинаны мүмкіндігінше тезірек қабылдауға шақырды.

2008 жылы НАТО Украинаның болашақта мүше болуы мүмкін екенін жариялады, бірақ жақында оның тезірек кіру туралы өтінішін қабылдамады.НАТО-ның 5-бабына сәйкес, егер оның мүшелерінің біріне шабуыл жасалса, қалған барлық мүшелер оны қорғауы керек.Егер қазір Украина қосылса, НАТО елдері Ресейге соғыс жариялауы керек, деп жазады басылым.

Ресей НАТО мүшелеріне шабуыл жасаса, ұйымның оған қарсы тұру туралы жаңа жоспары бар.

Егер Ресей Арктикадан, Солтүстік Атлантикадан және Орталық Еуропадан және Жерорта теңізі аймағынан шабуыл жасайтын болса, онда әскери күштердің қайда жіберілетіні және олар не істейтіні туралы өте жақсы әзірленген жоспары бар. Бұл НАТО-ның 1991 жылы қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бергі ең өршіл жоспары, дейді Корольдік қарулы күштер институтының талдау орталығының директоры Малкольм Чалмерс.

Алайда, Кеңес Одағы тарағаннан кейін үлкен соғыс қаупі сейілген. Бірақ ұйым үшін Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауы және Украинадағы қазіргі соғыс қаупі, әсіресе, Балтық жағалауындағы республикалар үшін қайтадан өзекті болып отырғанын айтады.

«Мұның бәрі қорғаныс үшін және шығыс қапталдағы одақтастарды тыныштандыру үшін жасалып жатыр», - дейді Лондон Корольдік колледжінің қорғаныс мәселелері бойынша профессоры Трейси Херман.

Айта кетейік, НАТО ұйымына мүше елдер жалпы ішкі өнімнің кем дегенде екі пайызын қорғанысқа жұмсауы керек деп мәлімдейді.

Фото: Martin Bertrand/Hans Lucas via Reuters

Тегтер: