Live

Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдин 105 жасында дүниеден озды

Бүгін «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин 105 жасына қараған шағында өмірден озды.

Абдығали Қаймолдин

Әбдіғали Қаймолдин – 1921 жылғы 30 маусымда Семей облысы, Абыралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы әскерге шақырылып, Сталинград, 1-Украин, 1-Беларусь және 3-Балтық майдандарында соғысқан. 1946 жылы әскерден босатылып, өмірін мемлекеттік және партиялық қызметке арнады.

Ол Семей облыстық партия комитетінде, Жаңасемей және Новопокров аудандық атқару комитеттерінде қызмет атқарды. 1977-1982 жылдары «Түрксіб» кеңшарының партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ бірнеше медальдармен марапатталған.

2023 жылы мамырда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз