Ұлыбритания Украинаға бітімгершілік күштерін жіберуге шақырды
Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрлері Лондон соғыс аяқталған соң Украинаға әскер жіберуі керек деп санайды. Олар сондай-ақ Ұлыбританияны Украинаның НАТО-ға мүше болуына көмектесуге шақырды.
«Британдық әскерлердің соғыстан кейінгі бітімгершілік күштерге қатысуы сөзсіз құпталатын еді, бірақ бұл Украинаға шынымен қажет нәрсенің аз ғана бөлігі», - деді Шаппс. Оның айтуынша, Ұлыбритания «Путиннің айуандық және заңсыз басып кіруіне қарсы» Украинаны қолдаудың алдыңғы қатарында болды, енді Лондон Киевке НАТО-ға мүше болуға көмектесуі керек.
Өз кезегінде Уильямсон Украинадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту «шынайы физикалық күш-жігерді қажет ететінін» атап өтті, сондықтан ол бұл елге әскер жіберуді қолдайды. Оның айтуынша, келешекте «Украинаның қауіпсіздігіне НАТО арқылы болсын, сенімді серіктестер деп санауға болатын Ұлыбритания сияқты елдер болсын, сырттан қолдау көрсетуі өте маңызды».