Сараптама

Ұлт сенімін ақтамаған Ұлттық кеңес керек пе?

Осылай демеске амал жоқ. Өйткені бұл кеңес «тау қопарып, сел тоқтатыпты» дегенді естімедік.

Ұлт  сенімін ақтамаған   Ұлттық  кеңес керек  пе?

Тіпті,  «Күлтөбенің  басында күнде кеңес»  деп, тіс арасынан сыздықтатпай-ақ  қоялық.«Ұлттық»  деген атауға  ие  болған   кеңестің  небәрі  екі-ақ  жиыны  өтті.Онда  не айтты,  не  қойды,бұл  бір Құдайға  және  өздеріне ғана  мәлім.   «Қырық ергежейлі  жиналып, белдемшенің қыртысын  жаза алмаптының» кері  ме? Мүмкін.

    Ұлттық қоғамдық  сенім кеңесі  жөніндегі әңгімеміздің әлқиссасын  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтыңеліміздегі  саяси  жүйеге реформа  жасауға  деген талпынысынан  бастайық. Билік  тізгінін қолға  алғалы бері  жасаған тірліктерін  былай  сырып  қойғанда,президент  қолдан  келгенше саясатта,  экономикада, кадрлық  салада  өзгеріс жасауға   талпынды: ол – Ұлттық  қоғамдық сенім кеңесінің  құрылуы; ол –300  жастан  тұратын кадрлық  резервтің жасақталуы; ол – қоғамдық негізде  жұмыс істейтін экономикалық реформалар орталығын  дүниеге әкелу жөнінде  пәрмен беруі.

     Қолдауға тұратын  бастамалар екенінде даужоқ. Егер де  осы  құрылымдар жақсы  жұмыс істеп кетсе, елімізде  біраз өзгеріс  болар еді. Әрине,  жақсы кейіпте.Дегенмен кадрлық  резервпен экономикалық  реформалар орталығын   қоя  тұрып, тілге тиек етуге ниет еткен Ұлттық  кеңес  жөніндегі сөзімізді  жалғастырайық.  Жарлықта Ұлттық кеңестің негізгі міндеті мынадай:«… тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік-құқықтықактілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; жұртшылықтың және азаматтық қоғамныңпікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау; жұртшылықтың,саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдеріарасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету; өзінің құзыреті шегінде ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болыптабылады».                       

    Жөн-ақ. Арада  бірқыдыру уақыт  өтті. Алайда кеңестің билікпен халық арасында «дәліздік» рөл  атқарып,жұрттың мұң-зарын,  өтініш-талабын  билікке жеткізіп, әрмен  қарай сол  түйткілдердің шешілуіне   мұрындық  болғанын  ешкім көрген  жоқ. Рас,  алғашында халық Ұлттық кеңесті елдегі үлкен  өзгерістің алғашқы  баспалдағы  деп  қабылдады. «Ұлттық кеңесөздеріне артылған  сенімді ақтап, қоғамдыілгері сүйрейтін  локомотив  рөлін атқаруы  тиіс» десті. Негізі, солай  болуы керек еді. Бірақ кеңес халықшыл бола алмады. Өйткені  қоғамдық  кеңестің құрылымында  әр  саланың һәм әртүрлі мүдденің (тек  халықтық,  ұлттық емес) күйін  күйттейтін азаматтар  бас  қосты.Тіпті  олардың қайсыбіреуі  бірін-бірі мойындай  қоймайтын  амбициялардың  иелері еді. Ал  оларға елдің жоғын  жоқтап,  мұңын мұңдайды  деп  үмітарту артық-ты. Қысқасы, «тоқ бала аш баламен  ойнамайды»  немесе «біреудің  жоғын біреу  ысқырып  жүріп іздейдінің» кері. Ең  өкініштісі, бұл  кеңестің тілі – қазақ  тілі емес,  орыстың тілі. Не  істейсің,  кімге мұң  шаққандайсың,  кімге барып көз  жасыңды  бұлағандайсың?

    Ұлттық кеңес  құрылғалы   қоғамда елді елең еткізген  талай  оқиға болды. Соңғыларының  бірі – Қордайдағы  дүрбелең және қоғам  белсендісі, қазақтың   алдаспан ұлы Дулат Ағаділдің  өлімі. Кеңес  мүшелері осы төңіректен бір ауыз сөз айтты ма, төбе көрсетті ме? Қайдам… «Оларбарыпты, ұлттың,  халықтың  сөзін сөйлепті» дегенді  шыққыр көзіміз көрмеді,  керең  боп  қалғырқұлағымыз естімеді. Әрине,  мүлде десек,  тағы  қателескеніміз.Азаматхан  Әміртай, Қазыбек Иса,   Мұхтар Тайжан сынды  кеңес  мүшелері барды,  көрді. Тығырықтан шығудың жолын  саралап, әлеуметтік  желілерге жазды. Бірақ  қалғаны қайда?  Оларға елдің бүтіндігі, тыныштығы, әділетті  қоғаморнауы  қажет емес  пе?

    Әңгімеміздің  басында Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық  сенім  кеңесін құруы  дұрыс деп  қолдап қалдық. Иә, дұрыс. Президент әлемдік тәжірибеге  назар аударған  болар. Жастарға  сенген  шығар. Өйткені  кешегі патшалық  Ресейдің  өзі де  ХVІІІ-ХІХ ғасырларда  талапты балаларына  сенім артты.  Сыртта оқытты,  тоқытты.  Олар  тарихта  «Архив жүгермектері»  деген атпен белгілі. Олар Ресейдің алдағы  жүретінжолын белгілеп берді. Ішкі-сыртқы саясатын,  экономикасын сараптады.Тарихын,  архивін  реттеді. Түркиядағы «Жас  түріктер» қозғалысы түрік  жұртының  Кіші Азиядағы  іргелі  елге айналуына мұрындық  болды. Малайзияда да сондай «дүмпу»  жүрді. Диктатор атанған чилилік Пиночеттің  өзі Америкадан  оқып келген бір  топ  жасқа сенім артты. Экономикада  реформа  жасауды соларға  тапсырды.   Сол «Чили жүгермектері» атанған  6-7  жігіт мемлекетті Латын Америкасындағы ең дамыған  елдердің  қатарына қосты.

      Міне, жастарға  сенім арту деген – осы.  Ал бізге  келетін болсақ, «Болашақ»  бағдарламасы  болды. Соның арқасында мыңдаған  жас  әлемнің атынан ат үркетін  жоғары  оқу орындарында  дәріс алды.Алайда  олардың  ешқайсысы елге  оралған соң, ел экономикасын  көтеруге, әміршіл  саяси жүйені  реформалауға  бел шешіп кіріспеді. Бәлкім, кірістірмеді. Тіпті тәп-тәуір  қызметке орналасқан қайсыбіреулері істі  болды, қамалды.  Демек, «Болашақтан»  пайда көрмесін білген  мемлекет  басшысы  амалсыз білікті һәм білімді жастардан кадрлық  резерв  даярлауға, халық пен билік  арасында «алтын көпір»  болып, диалог жүргізетін Ұлттық  кеңесті  құруға мәжбүр  болды. Кадрлық  резервтің қаншалықты  тиімділігі  болатынын уақыт  екшеп  жатар, ал Ұлттық кеңестің ұлт  сенімін ақтайтын  нағыз кеңеске айнала  қоюы  әзіргеекіталай.  Өйткені  оның  құрамынаенгендердің  бірен-сараны  болмаса, «ұлтым»  деп  жүргендерішамалы. Құрылымға  әр  саланың мамандары  енген. Былайша айтқанда,  көзге көрінбейтін,  бірақ  саясатта да,  экономикада  да өз орны  бар әртүрлі  топтардың өкілі. Әрқайсысының  өз  мүддесі бар. Демек, жеке  бастарыныңамбициясы  басым  олардың ауызбіршілікте  бола  қоюы да екіталай.

    Әркім  өзі илеген  пұшпағына  қарай тартуы заңды.  Ал  мұндай орта  ұсыныстар  мен бастамалардың  мекеніне  айналады деу артық. Кешегі бабаларымыз айтқандай, «күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым, ақыл-айлам мен бел  күшімді тоз-тоз  болған жұртымның  ел  болуы үшін жұмсадым»   деп  оларайта ала  ма?  Жоқ! Алайда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің  құрамынаенген әрбір азамат  осылай  ойлауы тиіс-тұғын. «Тәп-тәуір-ақ ән едіпұшық құрғыр қор қылды» дегендей, Тоқаевтың Ұлттық кеңес елдегі әлеуметтік,экономикалық, саяси мәселелер бойынша ұсыныстар дайындайтын органға айналса  деген арманы  әзірге аяқасты  болып тұр.

      Қайтпек керек? Демек, кеңес  мүшелерін қайтадан сұрыптан  өткізіп, жаңаша  құрылымдау қажет.  Оған халықтың,  ұлттың  сөзін сөйлейтін, қоғамға  дұрысдиагноз  қоя алатын  азаматтарды тарту да маңызды. Мәселен, ұлт жанашырлары Дина  Елгезек, Сәуле Әбілдаханқызы, Ләззат Кедебайқызы,Ася Асеткина  секілді  қарындастарымыз,  тіпті кеше  ғана жұмбақ  өлімге душар  болған  (жатқан жерің  жайлы  болсын) қоғам белсендісі, арысымыз  Дулат Ағаділдей  бауырымыз осы Ұлттық  кеңестің  мүшесі болуы  тиіс еді. Сонда  ғана «Айтарын ашып айтқан абайламай, Дариға-ай, МахамбеттерАбайлар-ай!»  дегендей, ұлт мәселесі ашық айтылар  еді. Сонда  ғана Ұлттық кеңес ұлттың сөзін  сөйлейтін мінберге айналар  еді. Ал  әзірге оны  көріп  тұрған  жоқпыз.

Күлтегін  БЕК

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз