Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:21, 31 Мамыр 2024

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

в
Фото: из открытых источников

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендетті, деп хабарлайды, Zhasalash.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады,делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы сәуірде 8,7%-ға дейін баяулап, сыртқы инфляциялық жағдай нейтралды қалыпта болған.

Қазіргі кезде біз жылдық инфляцияның өз болжамдарымызға сәйкес төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Наурыз бен сәуірде баға өсіміндегі орнықты бөліктің төмендей бастауы – біз үшін жақсы белгі. Алайда инфляциялық күтулердің қайта өсе бастағаны байқалады. Бұл инфляцияны төмендету саясатын жалғастыруды қажет етеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсуі 3,5-4,5% шегіндегі болжамда сақталды, деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүейменов.

Фото: ҰБ