Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 04 Қыркүйек 2024

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Воронкин ұсталды

а
Фото: Ratel.kz

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин ұсталды. Аталған ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады.

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының заңсыз әрекетке барды деген күдікпен ұсталғанын растады. Министрлік өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ұлттық ұланның сайтында Константин Воронкиннің Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника мен қару-жарақ жөніндегі орынбасары екені жазылған.

Воронкин бұл қызметке 2020 жылдың 24 қарашасында тағайындалған. 

 

Тегтер: