Саясат

ҰҚК экс-басшысы Дутбаев тағы да сотталды

26 ақпанда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевқа екінші мәрте үкім шығарылды.

ҰҚК экс-басшысы Дутбаев тағы да сотталды

Сот процесі Ақмола гарнизонының әскери сотында жабық түрде өтті. Үкім бойынша, Нартай Дүтбаев билікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру және ақшаны жымқыруға байланысты бірқатар баптар бойынша кінәлі деп танылды.

Қалған жазаны біріктіре отырып, сот ҰҚК-нің бұрынғы басшысын 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды.

«Дүтбаев ісі» бойынша сотқа тартылғандардың да үкімі шығарылды.

Дутбаев Р.Н. және Қалқабаев О.Ш. қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, заңсыз жолмен алынған мүліктері тәркiленiп, мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салына отырып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Нартай Дутбаев 2016 жылдың желтоқсан айының соңында билікті асыра пайдаланды және мемлекеттік құпияларды жариялады деген күдікпен ұсталған болатын.

2017 жылдың қыркүйегінде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы кінәлі деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз