Ұшақ билеті 4999 теңге
Қазақстандағыәзірге билеттері ең арзан бағамен сатылатын “FlyArystan” ұшағы енді Алматы мен Шымкент арасында да қатынайды.
Бұлтуралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла АБДІРАХИМОВ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Шымкентке Алматыдан ұшып келген “FlyArystan" әуекомпаниясының алғашқы рейсін күтіп алып,алғашқы жолаушыларды бастап келген әуе компаниясының президенті Питер Фостерменкездестім. FlyArystan билеттерібюджеттік бағамен сатылатын Қазақстандағы жалғыз әуе компания. Бұдан былайШымкенттен Алматыға Airbus A320 ұшағымен4999 теңгеден бастап ұшуға болады. Ал егерде сіздің жүгіңіз болып немесе бопты ішінде тамақтанғыңыз келетін болса, онда билет құны дажоғарылайды,” — депжазған.
“Алматыдан Шымкентке қатынау ұзақтығы 1 сағат 20минутқа созылады,” дейдіFlyArystan компаниясының баспасөз қызметі.
Айтпақшы, әуекомпаниясы ең алғаш өз жұмысын бастағанда министр Жеңіс ҚАСЫМБЕК билеттердіңқұнының арзан болу себебін былай түсіндірген болатын. “Компания ұшақтарындажолаушыларға арналған орындар саны аз болады. Креслолар арасы тар болады.Жолаушылардың жүк көлігі басқасымен, жеке жеткізіледі. Егер жол-жөнекей тамақішкіңіз келсе, немесе жүк көлігіңізді өзіңізбен бірге алып жүргіңіз келсе,қосымша төлейсіз».
Фото: adviceperiod.com