Өңір

Үшінші мегаполисте үш ауысымды мектеп болмауы тиіс

Үшіншімегаполисте үш ауысымды мектеп болмауы тиіс. Бұл–Шымкентте соңғы оншақты жылдың көлемінде көтеріліп келе жатқанмәселе.

Үшінші мегаполисте үш ауысымды мектеп болмауы тиіс

  Алайда қалада үш ауысым мәселесіәлі күнге толық шешімін тапқан жоқ. Оның өзіндік себептері бар.

Себебі Шымкент – тұрғындарыныңсаны өте тез өсіп келе жатқан қала. Бүгінде 130-дан астам мектепте 200 мыңғажуық оқушы білім алады.  Бітіруші түлектергеқарағанда мектеп табалдырығын аттаған шәкірттердің саны анағұрлымкөп. Сол себепті кейбір мектептерде шәкірттердің саны 3-4 мыңға жетіп, бірсыныпта білім алатын оқушылар 45-тен асады. Бұл мәселені шешу үшін қалада  жылына 7-8 мектеп салып отыру қажет. Осықажеттілікті шешу үшін биыл мегаполисте әлеуметтік нысандардың құрылысы қызужүріп жатыр.  

Қалаәкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, биылдың өзінде бюджет есебінен  7020орындық 12 мектептің құрылысы жүргізілуде. Алдағы үш жылда 42 мектеп салынып,25 мектеп және 8 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Оның ішінде жыл соңынадейін 5700 орындық 7 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікшеңберінде 9800 орындық 10 мектептің құрылысы басталуда.  Нәтижесінде 19үш ауысымдағымектептің 15-і, типтік емес алты мектептің бесеуінің мәселесі шешімін таппақ.Өткен үш жылда бюджет есебінен 12 600 орындық 19мектеп, 535 орындық екі балабақша салынған. Нәтижесіндебалабақшамен қамту көрсеткіші 85 пайыздан 99 пайызға жетіп отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс арқылы 8000орындық 15 жекеменшік мектеп ашылған.

«Shymkent»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан 2020 жылы үш ауысымдыжәне апатты мектептер санын азайту, бюджетке салмақ түсірмеу үшін жеке инвесторлардытарта отырып, мектепке мұқтаж шағынаудандарда жаңа  9500 орындық10 мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда корпорация тарапынанмектептердің жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде және осы білім ұяларын салуға қызығушылық танытқан жеке инвесторларменкелісімшарттар түзілуде.

Сонымен қатар үш ауысымды мектеп мәселесін шешумақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыружүйесін ендіру, сол арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыружәне бюджет есебінен мектеп құрылысын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Он сегізжекеменшік мектепке 9630 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылды жәнеқыркүйек айынан бастап 133 мемлекеттік мектепте жан басына қаржыландыру жүйесіендірілуде.

– Биыл қалада алты балабақша мен жеті мектепке күрделі жөндеужұмыстарын жүргізу үшін қаржы қаралған. Сонымен қатар бір мектептен тыс мекемемен бір колледж ғимараты жөнделеді. 17 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді. Тағы 24 білімошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның жетеуіне жобалық-сметалыққұжаттар жасалуда, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов жуырда мектеп құрылыстарынаралау барысында.

  Шаһар басшысы үшауысымдабілім беретін  Зоя Космодемьянскаяатындағы №23 мектеп-лицейіндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Ғимараты 1961жылы пайдалануға берілген 1480 орындық мектепте қазір 4800 бала оқиды. Мектепкетүсетін жүктемені азайту үшін 300 орындық ғимарат салынып жатыр. Құрылысжұмыстарын  жүргізіп жатқан «Өмірзақ»құрылыс компаниясы нысанды тамыз айында тапсырмақ. Жаңа оқу жылынан бастапоқушылар мұнда екі ауысыммен оқи бастайды.  Ал 915орындық М.Горький атындағы №12 жалпы орта мектебінің ғимараты 1984 жылысалынған. Көлемі 2624 шаршы метрден асатын үшқабатты мектепте «Лидер НК»мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Жоба құны 252 миллион теңгені құрайды.  Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстарыжоспар бойынша тамызда бітуі тиіс. 

Әкіміргетасы 1982 жылы қаланған №49 «Жасұлан» балабақшасына да барды. Нысан 38жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл балабақшаны күрделіжөндеуден өткізу үшін қазынадан 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылысты «АҚ ордасы» компаниясыжүргізуде. Мердігер 280 орындық нысанды жоспар бойынша тамыз айында тапсыруытиіс.

– Балабақша есіктері  ағаштан жасалған. Оны алғаннан кейін қайтақоюға жарамайды. Сондықтан жобалық-сметада қаралмаса да, біз  сол есіктерді жаңартып береміз. Сметалық құжаттаеденнің 50 пайызына жылыту жүйесін орнату қаралған. Бірақ біз 100 пайыз жылужүйесін тартамыз,– деді «АҚ ордасы» ЖШС басшысы Садулла Қалыбеков.

  Мегаполисте үш ауысымды мектеп мәселесінтек мемлекет есебінен  емес, жеке инвесторлардыңкөмегімен шешудің қолға алынғанын жоғарыда айттық.

  – Бұл  жекеменшік мектеп ашамын дегенкәсіпкерлерімізге өте зор мүмкіндік болмақ. Жекеменшік мектеп ашамын дегенкәсіпкерлерге қаржыны көп талап етпейтін тетіктер қарастырылған. Яғни қаламыздабос тұрған ғимараттарды жалға алу арқылы санитарлық нормаларын сақтай отырып,мектептер ашуға болады – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы ЖанатТәжиева.

«Балапан»бағдарламасының нәтижесінде Шымкентте балабақша мәселесі тиімді шешіліп келеді.Қалада соңғы жылдары жекеменшік балабақшалардың саны айтарлықтай көбейді.Алайда жекеменшік балабақшалардағы жағдай талапқа сай болуы тиіс. Ж.Тәжиеваныңайтуынша, білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес,балабақшалардың сапасына қатысты қыркүйек айынан бастап лицензиялау талаптарықарастырылған. Бала тәрбиесіне салғырт қарап, кейбір санитарлық талаптардысақтамаған балабақшалар жабылатын болады. 

Б.ЕРНАЗАР,

Шымкент қаласы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз