Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 05 Маусым 2024

Утиль алымынан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр?

утиль
Фото: kolesa.kz

Қазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы мазалаған утиль алымы туралы пікірталастар әлі де жалғасып жатыр.

Әлеуметтің өзекті проблемасына айналған утилизациялық алым салығына наразы азаматтар арнайы петиция жариялап, жуырда салыққа қарсылар саны 50 мың адамнан асты. Заң бойынша қарсы қол қоюшылар саны белгілі бір межеге жеткенде, міндетті түрде қайта қаралатын бұл процесс туралы Сенат мінберінен де айтылды.

Утилизациялық алым ретінде алынатын қаржының қайда жұмсалып жатқандығы қазақстандықтарға беймәлім болып келді. Тек соңғы уақытта халықтың жаппай сұрау сала бастауынан кейін ғана жауапты министрлік тарапынан отандық көлік құрастыру, ауылшаруашылғы саласы, жекелеген кәсіпорындарды қолдауға жұмсалатындығы айтыла бастады. Парламент отырысында осы салыққа қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев утилизациялық салықтан жиналған қаражат жөнінде ақпараттың жетіспеушілігін сынға алған еді.

Министр Шарлапаев: "утиль алымнан түскен қаражатқа бүгінгі таңда автомобильге арналған дөңгелектер мен шиналар, пластикалық автобөлшектер шығарылады. Кәсіпорындардың мүддесін қорғау – менің тікелей міндетім. Лоббизм жасады деу орынсыз. Отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасауымыз керек", - деді.

Оған қоса қаражаттың бір бөлігі автобустар сатып алу мен қоғамдық көлік жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалып жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, біздің елде қайта өңдеу көрсеткіші Түркия мен бірқатар басқа елдермен салыстырғанда төмен. Сондықтан ведомство Қазақстандағы зауыттардың жұмысын қамтамассыз ету және жұмыс орындарын сақтап қалу үшін автоөнеркәсіпті қолдауды жалғастыруды көздеп отыр. Ал кейбір депутаттар тиісті министрліктің қоқыс жинауға қатысты жұмысына наразы болды.

Қазақстанда жасалған автодөңгелектер мен пластикалық автобөлшектерді еліміздің базарлары мен автодүкендерінен кездестіру неғайбыл. Министр айтып отырғандай қажетті бұйым шығаратын отандық зауытқа осы күнге дейін утиль алымнан түскен қаражат инвестиция ретінде салынып келсе, қазір ондай өнеркәсіп брендке айналатын уақыты болған жоқ па?

Тегтер: