Вирус анықталған 53-ші адам Қазақстанға Бішкек арқылы келген
Вирус жұқтырған 53-ші адам Алматыоблысына Стамбулдан Бішкек арқылы келген. Бұлтуралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Оның ақпаратына қарағанда, 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Ыстамбұлдан ұшыпкелген, ал Қазақстанға 18-і кірген."Қазір ол ауруханада жатыр", — деді ол.
Еске салайық, 53-ші вирус анықталған адам туралы 21 наурызда таңертеңхабарланған болатын. Ол Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады. Бастапқыда осы науқасты Талдықорғанда анықталды деген ақпарат тарап кетті. Артынша, оның Қарасай ауданында тұратыны белгілі болды.
Нұр-Сұлтандакоронавирустан қазір 28 адам, Алматыда 22 адам емделіп жатыр. Екі науқас Қарағандыда.