Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:46, 28 Қараша 2024

Volkswagen көптеген айыптаудан кейін Қытайдағы зауытын жапты

Volkswagen
Фото: Point

Германияның Volkswagen  компаниясы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы зауытын бірнеше рет мәжбүрлі еңбекке тарту туралы айыптаудан кейін жапты.

 Бұл туралы Bild хабарлады. Бұл аймақта негізінен ұйғырлар тұрады.

БҰҰ мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында «қайта тәрбиелеу лагерлері» бар, онда бірқатар адам құқықтары бұзылады, соның ішінде мәжбүрлі еңбек түрі де қолданылады.

Зауыт 2012 жылы қытайлық SAIC компаниясымен бірлесіп ашылған. Бұл аймақтағы алғашқы автозауыт болды, жоба құны 170 миллион еуроны құрады.

Фольксваген басшылығы мекемедегі адам құқықтарының бұзылғанын көптен бері жоққа шығарып келеді. Бірақ халықаралық қауымдастықтың қысымы тұрақты түрде арта түсті. 2024 жылдың қыркүйегінде түрлі елдердің 50-ден астам парламенттік компаниясы аймақтан кетуді талап етті.

Фольксвагеннің Қытайдағы бөлімшесінің басшысы Ральф Брандстеттер концерн зауытта ешқандай заң бұзушылықты анықтамағанын және оның жұмысын жалғастыратынын айтты. Бірақ сыншылар мен сатылымның төмендеуі компанияны өз жоспарын қайта қарауға мәжбүр етті.

Қытайдағы Volkswagen сатылымы 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында 12 пайызға төмендеді. Соған қарамастан, компанияның бас директоры Томас Шефер концерн Қытай нарығына стратегиялық қатысуға ниетті екенін атап өтті.

Бұған дейін Volkswagen компаниясы Германиядағы кемінде үш зауытты жауып, ондаған мың жұмыс орнын қысқартатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ, концернде жұмысын жалғастыратын қызметкерлер жалақысын 10% қысқартуға және алдағы екі жылда өспеуге дайын болуы керек.

Тегтер: