Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:42, 26 Наурыз 2025

World Boxing туы астындағы алғашқы турнир

worldboxing
Фото: worldboxing.org

Қазақстан бокс федерациясы 2024 жылы қарашада Халықаралық Олимпиада комитетінің кәріне ұшырап, бар беделінен айырылған IBA құрамынан шығып, жаңадан құрылған World Boxing ұйымының қатарына қосылған.

 Бізден өзге де көптеген мемлекет IBA-дан бет бұрып, жаңа ұйымның мүшесі атанып жатыр.

World Boxing ұйымы биыл 3 кезеңнен тұратын әлем кубогын өткізеді. Турнирдің бірінші кезеңі 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда, екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтеді. Ал үшінші кезең 21-27 шілдеге жоспарланған, өтетін орны қазірше белгісіз.

Жақында Қазақстан бокс федерациясы жаңа ұйым өткізетін жаңа турнирдің алғашқы кезеңіне қатысатын боксшылар тізімін жариялады. Бразилияда мына спортшыларымыз бақ сынайды:

50 келі. Нұрзат Оңғаров;

55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек;

60 келі. Талғат Сырымбетов;

65 келі. Алмат Әбдуәли;

70 келі. Дархан Дүйсебай;

80 келі. Диас Молжігітов;

85 келі. Дәулет Төлемісов;

+90 келі. Даниял Сапарбай.

World Boxing былтыр қазанда АҚШ-та 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатын өткізді. Ал ересектер арасындағы әлем біріншілігін биыл қыркүйекте Англияда ұйымдастырады. Үш кезеңнен тұратын әлем кубогы турнирі биылғы күнтізбеге енген маңызды жарыстардың бірі саналады. Оның қорытынды бәсекесі қараша айында өтеді деген жоспар бар.

Тегтер: