Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:24, 26 Сәуір 2024

Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер қанша уақыт төленеді?

в
Фото: из открытых источников

ҚР Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы айтты.

Үкімет мәліметінше, зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер 1 қыркүйекке дейін берілетін болады. Мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші кварталда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды.

Жеке тұрғын үйі немесе жалғыз тұрағы болып саналатын саяжайын су басып, қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені екі түрлі жолмен шешу ұсынылған:

- жаңа үй салу. 

- өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай нарықтан дайын баспана сатып алу.

Тасқын судан зардап шеккендер үшін қарастырылған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем 11 мыңнан аса отбасыға төленді. Өтелмеген несиесі бар азаматтар мен кәсіпкерлерге банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Бұл аралықта зардап шеккендерге айыппұлдар салынбайтын болады. Аймақ әкімдіктері 5 мыңнан аса азаматтың және 110-нан аса бизнес субъектілерінің тізімін жасаған. Эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалды. Зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізіледі, делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, барлық медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды.  Қ

Фото: ҚР Үкіметі