Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 03 Маусым 2024

Зеленский: Қытай сияқты қуатты елдің Путиннің қолындағы құралы болғаны өкінішті

d
Фото: из открытых источников

Зеленский Қытайды Ресей шақырылмаған Швейцариядағы Бейбітшілік саммитіне басқа елдерді бармауға «көндіріп жатыр» деп айыптады, деп жазады Euronews. 

Ал, ҚХР тараптардың келіссөздерге «тең» қатысуын талап етеді. Украина президентінің айтуынша, Қытай бұл әрекеті арқылы саммитті саботаж жасап, Ресейге «көмектеседі».

«Қытай сияқты қуатты және тәуелсіз елдің Путиннің қолындағы құралы болғаны өкінішті», - деді ол.

Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин «саммиттің ұйымдастырылуы Қытайдың талаптары мен халықаралық қауымдастықтың үмітіне сай емес» деп мәлімдеді. Ресейдің болмауы Қытайдың қатысу мүмкіндігін төмендететінін айтқан. Қытайдың бұл мәлімдемесі Кремльден  қолдау тапты.

«Қытайдың Ресейге қолдау көрсетуінің арқасында соғыс ұзаққа созылады. Ал бұл бүкіл әлем үшін, сондай-ақ мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын ресми түрде жариялаған Қытайдың өзі үшін жаман», - деді Зеленский.

Фото: Euronews