Зеленский Курск облысындағы 92 елді мекенді бақылап отырғанын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский елдің шетелдік дипломатиялық мекемелерінің басшыларымен кездесуінде Украина қарулы күштері 1250 шаршы метрден астам аумақты және Ресейдің Курск облысындағы 92 елді мекенді бақылап отырғанын айтты.
Зеленский ресейлік әскерлер негізінен «Сумы облысына қарама-қарсы ресейлік шекаралық аймақтан» шығарылғанын атап өтті.
Украина басшысы «белсенді, профилактикалық қорғаныс ресейлік лаңкестікке қарсы ең тиімді әрекет» екеніне сенімді. Сондай-ақ ол егер Украинаның серіктестері Ресей аумағында қару қолданудағы барлық шектеулерді алып тастаса, Украина Курск облысына шабуыл жасамас еді деп есептейді.
Зеленскийдің айтуынша, ресейлік әскери базалар, аэродромдар, логистикалық және басқа да әскери нысандар Украина Қарулы Күштері үшін «толықтай әділ нысана болып табылады». Бұған дейін ол Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы шабуылының мақсаты «агрессордың аумағында буферлік аймақ құру» екенін айтқан.
Айта кетейік, Украина 6 тамызда Ресейдің Курск облысында кең ауқымды шабуыл операциясын бастап, аумақтың бір бөлігін басып алды.