17:10, 22 Тамыз 2024
Зеленский Курск облысындағы тағы бір елді мекен Украинаның бақылауына өткенін айтты
Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысындағы тағы бір елді мекен Украина қарулы күштерінің бақылауына өткенін айтты.
Украина президенті өзінің Telegram-арнасында Сумы облысының шекаралас аймағына келгенін, онда Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскиймен кездесу өткізгенін жазды.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, Сырский оған украин әскері Курск облысындағы тағы бір елді мекенді басып алып, «айырбас қорын толықтыра алды» деп хабарлады.
Украина президенті қай елді мекен туралы айтып отырғанын нақтыламады.
19 тамызда Владимир Зеленский Украина қарулы күштері Ресейдегі 1250 шаршы шақырым аумақтағы 92 елді мекенді бақылап отырғанын мәлімдеді.