Зеленский: «Мен Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайынмын»
Украина президенті Владимир Зеленский егер бұл украиналықтарға бейбітшілік орнатудың жалғыз схемасы болса, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды "Украинская правда" басылымы.
«Егер бұл украиндықтар үшін бейбітшілікке қол жеткізе алатын және адамдарды жоғалтпайтын жалғыз конфигурация болса, әрине, біз оған барамыз», - деді Зеленский британиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.
Сондай-ақ Зеленский бұл жағдайда оның Кремль басшысына деген жеке көзқарасы маңызды емес екенін атап өтті: "Мен оны жау санаймын. Ал, шынымды айтсам, ол да мені жау санайды деп ойлаймын".
Мемлекет басшысы сондай-ақ қазір Украина өзінің барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және «келмейтін нәтиже үшін миллиондаған адамдарын жоғалта алмайтынын» атап өтті.