Саясат

Зеленский Трамппен сөйлескені туралы хабарлады

Украина президенті телефон арқылы сөйлескен кезде Дональд Трампты АҚШ президенттік сайлауындағы «тарихи және айқын жеңісімен» құттықтағанын айтты.

reuters

Украина президенті Владимир Зеленский алғашқылардың бірі болып Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Зеленскийдің өзі 7 қарашаға қараған түні Telegram-арнасында «президент Трамппен телефон арқылы тамаша әңгіме болғанын және оны тарихи әрі айқын жеңісімен құттықтағанын жазды.

"Біз тығыз байланыс сақтап, ынтымақтастығымызды дамыту жөнінде келістік. АҚШ-тың күшті және табанды басшылығы бейбітшілік пен әділетті әлем үшін өте маңызды", - делінген хабарламада.

Тегтер: АҚШ Украина
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз