17:50, 20 Мамыр 2024
Зеленскийдің президенттік мерзімі аяқталды
20 мамырда Владимир Зеленскийдің Украина президенті болу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Украинада президент сайлауы биыл 31 наурызда өтуі керек еді. Киев елде президент сайлауының өтпеуін соғыс жағдайына байланысты екенін айтты.
Зеленский қызметіне 2019 жылдың 20 мамырында кірісті. Украина конституциясы бойынша 20 мамырда елдің жаңа президенті ант беруі керек еді.
2019 жылғы сайлауалды науқаны кезінде Зеленский Донбасстағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге, сондай-ақ ЕО-мен араласуға уәде берген болатын.
Фото: Ukrainian Presidency / Handout/Anadolu Agency via Getty Images