Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 13 Қыркүйек 2024

“Жалаң жұдырықтағы” алғашқы қазақ. Qazaq Titan алғашқы жекпе-жегіне шығады

Алмат Жұманов

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов 13 қыркүйек АҚШ-тың Голливуд қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізеді (Астана уақыты бойынша 14 қыркүйек, 03:00).

Кездесу жалаң жұдырық бойынша танымал промоушн - BKFC лигасында өтеді. 12 қыркүйек салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырылды. Отандасымыз 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде америкалық Rayne Wells-пен жұдырықтасады.

Еске салайық, Алмат Жұманов үш мәрте КИнЭС рекордтар кітабына енген. Алматтың рекордттары: 1) 109 тонналы вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген. 2) Иыққа түйе көтеріп, сол уақытта арқанмен үш жеңіл көлікті жүргізушілерімен бірге 13 метрге сүйреген. 3) 26 тонналық АН-72 әскери ұшағын 1 метрге сүйреді.

2022 жылы “Ирандық Халк” Саджад Гарибимен рингке шығып, қарсыласын 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы кездесуден кейін BKFC лигасына шақырту алып, Колумбияда өткен екі іріктеу кездесуде қарсыластарын 30, 39 секундта нокаутпен ұтты.