Өңір

Жалақы алмаған жаңаарқалықтардың жанайқайын кім естиді?

Қарағандыоблысының әкімі Жеңіс Қасымбектің назарына! Қымбатшылыққыспаққа алған бүгінгі қоғамда кімге болсын оңай тимей тұр.

Жалақы алмаған жаңаарқалықтардың жанайқайын кім естиді?

Азық-түліктіңбағасы да біртіндеп қымбаттап, қалтаны қағып тұрғаны анық. Ал жергілікті әкімқаралар«бағаны тұрақты ұстап  тұрмыз» деп, уәде беруден жалығар емес.

 Ал қараша халықболса бағаның арзандағанын байқамай келеді. Осындай қиын шақта табан ақы маңдайтерінің өтеуін ала алмай, зар қағып отырған жұмыскерлер де бар. Жаңаарқаауданындағы «Сакен и Компания» ЖШС жұмыскерлері 17 ай бойы жалақы алмаған. Бұлфирма Жаңаарқа ауданына электр қуатын таратумен айналысады. Соңғы екі жылданбері жұмыскерлер жалақы алудың қиындап кеткенін мәлімдеді. Қыс ортасында тіптінаразылық шарасын жасап та байқаған. Бұл кезде отбасының шай-пұлын айыратынтиын-тебен таппаған жұмысшылар бір апта кеңсеге барып, жұмыс жасамай, еңбекақыларынберуді талап еткен. Алайда бұл наразылықтың пайдасы аса  бола қоймады, текосы шудан кейін компания басшылығы 2018 жылдың қараша айының жалақысын ғанатөлеген.

 Мұндағыэнергетиктер мен басқа да жұмысшылардың жалақысы – 30-40 мың теңге. Осымардымсыз еңбекақының өзіне жұмысшылар жете алмай қапалануда. Ауылдық жердеістей қоятын басқа жұмыс та жоқ. Бүгінде компанияда 36 жұмыскер ғана қалған,көбісі жалақыларын тосудан жалығып жұмыстан шығып кеткен. «Қазір бізді карантингеқатысты үйге жіберді. Бірақ мынау масқара ғой, 17 айдың жалақысын алмадық.Біздің елде заң бар ма, өзі? Кім көмектеседі, білмейміз, еш шарамыз қалмады.Президентке дейін хат жаздық, бірақ оған жетпейді деп те айтып жатыр. Жаңаарқадағыжәне ауылдардағы электр желілерінің жағдайынан адам шошиды,  оны жөндейтінде адам жоқ. Отбасымызға азық-түлік алатын ақшамыз да қалмады», – деп мәлімдеді«Жас Алашқа» шағым білдірген  «Сакен иКомпания» ЖШС жұмыскері Оразғали Сәкенов.

                         Қарызға белшесіненбатқан компания«Сакен и Компания» ЖШС-нің  жұмыскерлер алдындағы қарызы 30 млнтеңгеден асып кеткен. Компания басшылығы қыстың күні шу болғанда бұл фирманықарызымен бірге сатып алғанын айтқан болатын. Сонымен қатар энергияменқамтамасыз ететін «ҚазЭнерго Орталық» ЖШС мен компанияның соттасуы да жағдайдыушықтыра түскен. «Сакен и Компания» ЖШС басшылығының мәліметінше,  электрэнергиясын беретін «ҚазЭнерго Орталық» 2018-19 жылдары жасалған жұмыстардыңақысын төлемей қойған. Бүгінде екі компания арасындағы дау-дамайға сот та соңғынүктесін қоймаған.

 Екі ортадажұмыскерлер зардап шегіп отыр. Жалақыларына жете алмаған жұрт облыс әкімі ЖеңісҚасымбектен де көмек сұраған. Әзірге облыс басшысынан да қайыр болмай тұр. Бұлмәселеге қатысты сауалды Жеңіс Қасымбекке біз де жолдаған едік. Облыс әкімі «мәселеніңқиын екенін, дегенмен шешу жолдарын қарастырып көретінін» айтқан болатын.Алайда жанайқайын жоғарыға жеткізе алмаған жаңаарқалықтар айтқан сөздің солкүйі өзгеріссіз қалып жатқанын айтып қапаланады. Енді олар алғашқы хатқа жауабыболмаса, тағы да президентке хат жазып көрмекші.

АрайлымЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз