Өңір

Жаман ауру Жамбылға жетті

Еліміз бойынша тәжтажалғақаншалықты қарсы тұрсақ та, алдын алу шаралары жан-жақты жүргізілсе де,шетелдерден келген кейбір азаматтарымыздың жауапсыздығынан коронавирус еларалап кетті.

Жаман ауру  Жамбылға жетті

Айтпай келетін ауру күні кеше Жамбыл облысынан да қылаң берді.Біз осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат  Жұманқұловпен хабарласып,төмендегідей жауап алдық.

25 наурызда Жамбыл облысыаумағында алғашқы коронавирусты инфекциямен ауырған науқас тіркелді.  29 жастағыА. есімді адам Шу ауданының тұрғыны. Ол 23 наурызда Қырғыз Республикасынанкелген. Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 қаулысынасәйкес, науқас 24 наурыз күні таңертең карантинді стационарға жатқызылып,  сол жерде зертханалық тексеруге материалалынған. Карантиндік стационарға түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық болды,шағымданбады. Зертхана нәтижелері бойынша науқас инфекциялық орталыққа стационарлықемдеуге тасымалданды.

 Қазір науқасқа қатысты қажетті эпидемияға қарсыіс-шаралар жүргізілуде. Онымен байланыста болған азаматтар  анықталды. Мекенжайы және орналасқан жерібойынша қарым-қатынаста болған адамдар оқшауланды.   Жүргізіліпжатқан мониторингке сәйкес, Жамбыл облысында 25 наурызда сағат 07.00-дегіжағдай бойынша: 1 A санатындағы елдерден келген төрт азамат карантиндікстационарға жатқызылды. 1 Б санатындағы елдерден келген 67 азамат үй жағдайындағыкарантинде.

 Жалпы,  25наурыз күні шетелден келген бір адам инфекциялық стационарға жатқызылды. Тағыбір азамат инфекциялық стационарға жіті респираторлық вирустық инфекциясыныңбелгілері болуына байланысты жатқызылды.

 Қазір карантиндік стационарда 68 адам қалды.Ал коронавирус инфекциясымен ауырған науқаспен байланыста болғандарға арналғанкарантиндік стационарда 27 адам бар. Барлығы – 95 азамат, бәрінің денсаулығықанағаттанарлық.

Коронавируспен ауырғаннауқастармен байланыста болған 24 азамат бақылауда тұр.

Қазір Жамбылда індет жұқтырғандардың саны үш адамға жетті.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз