Жамбыл облысы әкімі Астанаға келгенде басқарма басшысы тамырын кесті
Жамбыл облысы Қордай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы суицид жасамақ болып қолының тамырын кескен.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізген. Бұл туралы HALYQSTAN telegram арнасы жазды.
Басқарма басшысының өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге облыстық ветеринарлық станцияның қызметкерлерінің келуі себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін барлық облыстық ветеринария басқармаларында кешенді тексеру жүргізілетін. Ол желтоқсан айының басында бірнеше сөгіс алған. Құқық бұзушылықтардың жойылуын тексеру мақсатында дәл ауданға облыстық ветеринарлық станцияның мамандары келген.
Полиция «өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Қордай аудандық ІІБ басшылығының бақылауында», деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД.