Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 20 Сәуір 2025

Жамбыл облысында бір үйдің кішкентай үш қызы газдан уланып қаза тапты

жедел жәрдем

 Жамбыл облысындағы Сарымолдаев ауылында бір отбасының үш кішкентай қызы – 3, 5 және 7 жастағы апалы-сіңлілер газдан уланып көз жұмды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға кешкі уақытта орын алған. Таңертең балаларын үйде жалғыз қалдырған анасы қайтып келгенде, үйдің ішін газдың өткір иісі жайлап кеткен. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады. Үшеуі де есін жимастан реанимацияда қаза тапқан.

Полиция тергеу жұмыстарын бастады

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Меркі ауданындағы тұрғын үйде табиғи газдан улану салдарынан үш баланың қаза болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды," – делінген ресми хабарламада.

Іс облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Осыған ұқсас оқиғалар соңғы уақытта жиілеп барады. Бір ай бұрын Маңғыстау облысында газдан уланған тағы бір отбасы түгелдей қаза тапқан болатын. Сол кезде де қаза болғандардың арасында бес бала болған.

Тегтер: