Live

Қазақстан Ресейге әскери техника жібереді

21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстан теміржолдары арқылы Ресей аумағында өтетін ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысу үшін әскери техника мен жеке құрам тасымалданады

1

Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Әскери техника мен сарбаздар Челябі облысына жеткізіліп, оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін Қазақстанға қайтарылады. Тасымалдау 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» атты үш оқу-жаттығуға байланысты.

Далалық жаттығулар кезінде әскери қызметшілер әскерді қайта топтастыру, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін пысықтайды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бекітілген жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес өткізіледі. Мұндай оқу-жаттығулар ұйымға мүше елдердің аумағында кезекпен және тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Министрлік азаматтарды, БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми ақпаратқа сүйенуге және тексерілмеген мәлімет таратпауға шақырды.

Тегтер: ҰҚШҰ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз