Live

Қазақстан Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Үштаевты Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындады.

1

Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорда сайтында жарияланды.

Президенттің тағы бір өкімімен Мереке Күшекбаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы қарашадан бері атқарып келген.

Қуанышбек Үштаев 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, ал 2018 жылы Ресей Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары мотоатқыштар және десанттық-шабуылдау батальондарын, әскери бөлімдерді басқарған. Сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы қызметтерін атқарған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз