Қоғам

Жамбыл облысындағы жарылыс: 6 адам жансақтау бөлімінде, зардап шеккендер саны 93 жетті

Ресми мәлімет бойынша қазір қалалық көпбейінді ауруханаға 93 науқас түскен. Оның 28 жатқызылды.

Жамбыл облысындағы жарылыс: 6 адам жансақтау бөлімінде, зардап шеккендер саны 93 жетті

60 науқастың жағдайы жақсы болуына байланысты үйіне қайтарылды. 6 адам жансақтау бөлімінде. Бір науқастың денесінің 50-60 пайызы күйген. Ауыр халде жатыр. 

Еске салайық, 26 тамыз күні Жамбыл облысында әскери қоймада жарылыс болды. 

Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында «Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды», — деп жазды. 

Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз