Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:24, 04 Мамыр 2024

Жәмила Маричева тәуелсіз журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

о
Фото: из открытых источников

ProTenge арнасының негізін қалаушы және бас редакторы Жәмиля Маричева Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Журналис бұл хабарды өзінің әлеуметтік желі парақшасында бөлісті.

«3 мамырда Орталық Азиядағы журналист әйелдердің бірінші конференциясында, Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатына ие болдым», - деп жазды Жәмиля Маричева.

Тәжікстанның Душанбе қаласында өтіп жатқан «Өзгеріске толы әлемдегі БАҚ әйелдері» атты бірінші Халықаралық Орталық Азия конференциясында БАҚ-қа қатысты маңызды мәселелер, соның ішінде журналистикадағы әйелдер кездесетін қиындықтар талқыланған.

Ал, журналис бір күн бұрын, яғни 2 мамырда Алматы сотында өз құқығын қорғағанын айтқан.

Айта кетейік, Жәмила Маричеваны Бостандық ауданының полициясы ұстап, әкімшілік хатама толтырылған. Оған Азаттық басылымын қолдағаны үшін «жалған ақпарат жариялау, тарату» бойынша іс қозғалған.

Фото: Жәмила Маричеваның парақшасынан