Руханият

Жаңа кітаптың таныстырылымы

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында 24 қараша күні сағат 11-00 де белгілі ақын, прозашы, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері Әділбек ЫБРАЙЫМҰЛЫНЫҢ «Жерұйық жұмбағы» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді.

Жаңа кітаптың таныстырылымы
Әділбек Ыбырайымұлы – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы, «Дарабоз» сыйлықтарының лауреаты. Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты өткен мүшәйраның жүлдегері. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен «Азаттық аясында» атты мүшайраның бас бәйгесін жеңіп алған.  «Пір мен пырақ», «Көктемсіз жыл», «Сүмбіле шуағы», «Ақ тамақ қарлығаштар» жыр кітаптарының, «Адам-айуан», «Ұяластар» романдары мен «Зауқайыр» роман-триллерінің, «Ақкекіл», «Мизам көк» хикаяттар пен әңгімелер жинақтарының авторы.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз