Саясат

Жаңа министрліктің жаңа министрі

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ жаңа министрліктің басшысы қызметіне тағайындалды. Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің отырысында Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындау туралы келісімге келді.

Жаңа министрліктің жаңа министрі

Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан ҚОЙШЫБАЕВ ұсынды. Мәжіліс комитетінің мүшелері үміткерге бірқатар сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша «Премьер-Министрдің ұсынысымен Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау ұсынылуы мүмкін» деп қорытындылады.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін (1999) халықаралық экономист мамандығы бойынша; ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Куала-Лумпур және Хьюстон қалаларында 2 жылдық тәжірибеден өткен. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. 2000 жылдан — Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдаубөлімінің жетекші маманы. 2001-2002 жылдары — МІ Drilling Fluids International ТБ жөніндегі менеджері; 2004 жылдан техникалық сатылымдар бойынша екілі; 2006 жылдан өндіріс жөніндегі менеджері. 2007 жылдан — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010 жылдан бері — «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры — басқарма мүшесі.

Фото: baribar.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз