15:32, 16 Қыркүйек 2024
Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына жаңа басшы тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.