Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда өнер көрсете ме?
IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы танымал спортшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Әлімханұлы мұның алдында аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновпен (18-0) бірге түскен суретін жариялап, кейін Тұраровпен жолыққан.
"Жәнібек бауырым екеуіміз бірігіп, елде үлкен бокс кешін ұйымдастырсақ, қалай қарайсыздар?", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жанкүйерлерге бұл идея ұнап қалған сияқты, ал кейбірі боксшыларға жекпе-жекті АҚШ-та өткізуге кеңес берді, өйткені Қазақстанға жоғары қарсыласты әкелу қиын болады.
Желтоқсан айындағы жекпе-жекте Тұраров жапондық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңді. Осы табысының арқасында қазақстандық жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сенімді қорғап, бос тұрған WBA Gold титулын жеңіп алды.
Әлімханұлына келсек, қазан айында неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, одан IBF белбеуін тартып алды. Айта кетейік, желтоқсан айында Жәнібек Жанқошты қолдау үшін Қазақстанға келген.