Әлеумет

Жаңаөзенде жасөспірім көлікпен трансформаторды соғып, ауыл жарықсыз қалды

Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында жасөспірім ата-анасына ескертпей, олардың көлігін рұқсатсыз айдап шығып, трансформаторға соғылған.

Полиция

Салдарынан электр жабдығы бүлініп, ауылда жарық өшті.

Оқиға 23 қазан күні кешке болған. Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, жасөспірім Toyota 4Runner көлігін өз бетінше айдап, трансформаторға соғылған.

Соққыдан электр жабдығы зақымданып, Теңге ауылы электр қуатынсыз қалған.

Оқиғадан кейін жасөспірімнің анасы тұрғындардан кешірім сұрады.

"Кәмелетке толмаған ұлым көлікті рұқсатсыз алып, трансформаторға соғылды. Қолайсыздыққа тап болған барша адамнан шын жүректен кешірім сұраймын", – деді ол.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз