Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 31 Мамыр 2024

Былтыр 87,7 млрд теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталған

к
Фото: из открытых источников

Жоғары аудиторлық палата 2023 жылғы республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді аяқтады.

Аудит жүргізудің мақсаты - республикалық деңгейдегі мемлекет активтерін, міндеттемелерін, кірістері мен шығыстарын объективті және анық көрсету. Ол 2023 жылға 39 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің есептілігі негізінде құрылды.

Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша 87,7 млрд теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, 26,3 млн теңгеге активтерді тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 25 рәсімдік бұзушылық пен 17 жүйелік кемшілік анықталып отыр, делінген хабарламада.

Ал, республикалық бюджет активтерінің жиынтық көлемі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7% өсіммен 25,5 трлн теңге болған.

Фото: pixabay