Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:44, 21 Маусым 2024

Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды

жапония
Фото: Getty Images

Жапония жұма күні Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты салған санкцияларын кеңейтіп, алғаш рет қазақстандық компанияны санкциялар тізіміне қосты.

Жаңа санкциялардың жалпы тізіміне Ресейдің 50-ден астам компаниясы, мекемелері мен адамдары, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және басқа елдердің фирмалары кіреді. Ал, BBC бұл компаниялардың Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге және қару-жарақ үшін электроника сатып алуға көмектесетінін жазған. 

Vlast.kz мәліметінше, тізімге, 2022 жылдың наурыз айында Алматы қаласында тіркелген Elem Group логистикалық компаниясы кірді. Бұл компания бұған дейін АҚШ пен Еуроодақтың санкциялық тізіміне енгізілген. Қазақстан үкіметі компанияға санкция салынбағанын, тек оған қарсы «сауда шектеулері енгізілгенін» мәлімдеді.

Өткен жылдың маусымында «Азаттық» радиосы қазақстандық Elem Group компаниясының 2022 жылдың 14 наурызында – Ресей Украинаға жаппай басып кіруін бастағаннан кейін бірнеше апта өткен соң тіркелгенін анықтаған тергеуді көрсетті. Азаттықтың хабарлауынша, компания ресейлік Streloy E-Commerce компаниясымен тығыз байланыста болған, ол Elem Group-тан 2023 жылдың қаңтарынан бері кем дегенде 300 электроника алған.

273 жөнелтімде АҚШ-тың санкциялар тізімінде «жоғары басымдылық» ретінде белгіленген қос мақсаттағы тауарлар болды. Elem Group негізін қалаушылардың бірі, ресейлік кәсіпкер Кирилл Туляков ресейлік Rusalox компаниясын жарықдиодты шамдармен қамтамасыз еткен Streloy E-Commerce компаниясының негізін қалаушы. Бұл компания, өз кезегінде, ресейлік әскери-өнеркәсіптік жабдықтауға қатысушы «РУСНАНО» корпорациясының филиалы болып табылады.

2023 жылдың наурыз айында Elem Group-қа меншік құқығы қазақстандық заңгер Мақсат Артықовқа өтті, ол Азаттық радиосына берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы екенін және оның компаниясы Ресей билігіне санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ресеймен байланысы бар тағы бір қазақстандық компания санкцияға ұшыраған болатын.