Жаркент карантинге жабылады
Алматы облысының Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының бір жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған.
Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылды.
Пациент Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды.
Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.