Жарты келі героин мен суық қаруды үйіне жасырыпты
Қарағанды облыстық полиция департаментініңқызметкерлері Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарынан жарты келіденастам героин мен қару тәркіледі.
11 сәуір күні облыстық полиция департаментінің есірткіқылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жезқазған қалалық полиция бөлімі және Қарағандыоблысы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен есірткі заттарының алдын алумақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде 32 мен 51 жас аралығындағыЖезқазған және Сәтбаев қаласының төрт тұрғыныұсталды.
32 жастағы Сәтбаев қаласы тұрғынының үйінежүргізілген тінту жұмыстары барысында 128 полимерлік пакетке оралған ақшыл сұртүсті заттар тәркіленді. Сараптамақорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 500граммнан астам «героин»есірткі заты болып шықты. Бұған қоса олардан үш данақару тәркіленді. Сондай-ақ, басқакүдіктілерден жалпы салмағы 70 граммғажуық героин есірткі затымен медициналық препараттар табылды.
Аталған фактілер бойыншаҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағы «Аса ірімөлшерде есірткі, психотроптық заттарды тасымалдау, жөнелту не өткізу» жәнеҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағы «Атыс қаруын,оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену,беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық істерқозғалды.
Ұсталғанбарлық азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдарыжүргізілуде.
Қарағанды облысының ПД Баспасөз-қызметі