Саясат

Жарылыс жоспарлаған кімдер?

Алматыда «Наурыз мерекесінде теракт жасамақ болды» депкүдікке ілінген адам ұсталды.

Жарылыс жоспарлаған кімдер?

     Ұлттық қауіпсіздіккомитеті елімізде тыйым салынған ДАИШ ұйымының жақтаушысын қолға түсірді. Ол Наурызмейрамында теракт жасауға дайындалған көрінеді. Жедел іздестіру шараларыбарысында одан екі граната тәркіленді. Оған Қылмыстық кодекстің  255-ші (терроризм актісі) және 258- баптары (экстремистік және террористікұйымды қаржыландыру немесе кез келген көмек көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Жалпы, бұл жыл басынан бергі алғашқы оқиға емес.

   Өткен айдың 18-ікүні Алматы қаласында деструктивті ағымның екі жақтасы ұсталып, сот санкциясыменқамауға алынғаны хабарланған. Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарынжүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдасбөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген нысандардың фото және бейнетүсірілімдерібар смартфондар алынған. Оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚК255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстықіс қозғалды.

   Жат ағымныңжетегінде кеткен азаматтардың қарап отырып айрандай ұйыған елдің берекесін алуғаұмтылатындары түсініксіз. Жоғарыда айтылған адамдар гранатаны қайдан алған?Елде неге мұндай жағдайлар жиілеп барады? Осы тұста жастардың 73 пайызы дінисауатын интернеттен ашатындықтан,  асырадіншілдік пен жат ағымға еретіндердің неге көбейгенін түсіне бастағандай боласың.

    Статистикағакөз жүгіртсек, еліміз бойынша терроризм мен экстремизге бет бұрғандар саныжалпы халықтың санымен салыстырғанда тым аз екенін байқаймыз. Бірақ бұл көрсеткішжыл өткен сайын өсіп келеді. Былтырғы ақпаратқа сенсек, діни экстремизм ментерроризмге байланысты 662 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 14-і – әйел. Бұданбөлек, ресми санағы жүргізілмеген ДАИШ ұйымына қосылу үшін шекара асқандар дабар. 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 256-бабына сәйкес (терроризмді насихаттау жәнетеррористік актіні жасауға ашық түрде шақыру), 10 адам жазасын өтеуде. Бұлардыңүшеуі – алматылық, қалғандары – Нұр-Сұлтан, Түркістан, Атырау, Ақмола, Қарағандыжәне Павлодардан. Ал терроризмдінасихаттау немесе терроризм актісіне ашық түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілгенмазмұндағы материалдарды тарату немесе тарату мақсатында дайындау, сақтау  бабы бойынша 62 адам жазасын өтеуде. Бұлстатистикада аймақтардағы адамдар саны тең десе болады. Тек шығыс пен солтүстікте адам саны аздау. 

  ҰҚК мәліметінше, радикалды идеологияның ең негізгі таратушысы жәненасихаттаушысы шетелде теология мамандығымен оқып келген азаматтар.  Қолға алынған шараларға қарамастан, қазақстандықтардыңшетелдегі террористік ұйымдардың қатарынан табылуы азаймай келеді. Іс жүзінде бұл мемлекеттік мамандандырылғандепартаменттер үнемі айтып келе жатқан дәстүрлі себептерден басқа, экстремистікжәне террористік ұйымдарға қатысу немесе қосылу, экстремистік және террористіксипаттағы қылмыстар жасау, негізінен, әлеуметтік-экономикалық ортаға, дінисауаттылықтың төмен деңгейіне, сондай-ақ елдегі және аймақтағы жалған дінитоптардың деструктивті әрекеттеріне байланысты.

     Шет тілдер және іскерлік карьера университетіндегі тарихжәне дінтану факультетінің деканы Ұлан Абдыхалықовтың айтуынша, асырадіншілдікке берілудің негізгі себебі – сауатсыздық. «Қазіргі таңда діннің  қасиетінен гөрі қасіретіне куә болудамыз. Оныңбасты себебі – халық арасындағы сауатсыздық», –  дейді ғалым. Ол ХХІ ғасырдың жастарына алаңдаушылықбілдіріп, «Қазіргі жастар білсе де, білмесе де, дін туралы айтқанды жақсы көреді.Олардың дін туралы шешенсіп сөйлеуі діни сауатсыздықтың себебінен», – деген ойынайтты.

   Бүгінде көптегенжастардың дінге қызығушылығын есепке алсақ, мешіт имамдарының күші жеткіліксізболып жатыр екен. Сол үшін де жастардың көп бөлігі дін туралы ақпаратты ғаламторданалады. Мұндай сайттар жастардың психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне, ұлттық-руханибағытта өсіп-өркендеуіне әсер етіп, ғылым мен білімге қызығуына кедергікелтіреді екен.  «Жалпы айтқанда, әсіредіншілдік– қоғамдық сананы еліктеушілік пен асырасілтеушілік жайлап алған жерде пайдаболатын құбылыс», – дейді Ұлан Қадырбекұлы.

    Ал теолог,магистрант Жандәулет Сүлейменов мұны «рухани вирус» деп атайды. «Кез келген радикалды,деструктивті діни ағымның артында саяси мақсат пен мүдде тұрады. Дінді олар тектетік, яғни құрал ретінде пайдаланады. Әйтпесе ислам дінінде мұндай қаттыидеологиялық агрессивті ұстаным жоқ, бәлкім, керісінше», – дейді.

  Радикалды идеологиямен күрес әлеуметтік желілерде де белсенді түрде жүреді.ҰҚК-нің 2018 жылғы дерегінде 620 мыңнан астам экстремизм сипатындағы  сайт пен материал бұғатталғаны хабарланды. Бұлкөрсеткіштер 2015 жылы 150 мыңды, 2016 жылы 700 мыңнан астам адамды құраған.

  Елімізде 2014 жылдан бері ҰҚК 30-дан астам терактіге оқталғанадамдарды  тоқтатқан. Дәл осы жылдары басқажердің деректерінде 78 деген санды көрсетеді. Былтыр әртүрлі террористік ұйымдар жетегінде кеткен адамдардың 600-і  «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылды.Оның 400-і – балалар.

     Елдің экономикалықжағдайы нашарлаған сайын діни фанатизм арта түсетіні белгілі. Мемлекет пенадамзатты дамытқан ғылым мен білім екенін  білеміз. Еліміздің болашағы жастар болғандықтан,оларға діни білімнен гөрі ғылым мен адамзаттың негізгі құндылықтары, философия,технология сынды бағытта білім беру ләзім.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз