Саясат

Жарылыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті

«Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр», — деді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз