«Жас Алаш – 100» «Мықтылардың көзін көрдік»
Бүгінгі «Жас Алаш» бір ғасырға аяқ басқан тұста да өзініңхалықтық газет екенін дәлелдеді.
Жұрттың жоғын жоқтап, қоғамның кемшілігінтүзеуге атсалысып келеді. Беделін жоғалтқан жоқ. Оқырмандарының көптігі, әлікүнге іздеп жүріп оқитын жұрттың сиремегені – осының бір дәлелі. Сондықтан осыбасылымда 20 жыл қызмет істегенімді әрдайым мақтан етемін.
Біздіің кезімізде Жас Алаш» – «бұрынғы «Лениншілжаста» қызмет істеу әркімге арман болатын.Бас редакторлары елге танымал, халыққа сыйлы, жоғарыдағыларға сөзі өтетін азаматтар болды. Журналистері шетінен сайдыңтасындай, қаламы жүйрік еді. Мүмкін газеттің жақсы шығып, таралымының көп болуыда осының арқасы шығар деп ойлаймын.
Әлі есімде, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебаев ағамыздыңықпалымен 1984 жылы терімші болып жұмысқа тұрдым. Бас редактор белгілі қаламгерСейдахмет Бердіқұлов ағамыз еді. Ол кісінің қандай жақсы адам екендігін бірауыз сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Жалпы сол кездері журналистердің арасындаынтымақ, сыйластық, достық, жанашырлық деген ұғым бәрінен биік тұратын. Дәліздетұрғанда Мейдахмет аға кабинетінен шығып қалса, немесе сырттан келсе, кезкелген кісі орнында тапжылмай тұрып қалатын. Мысы басып тұратын. Кейдекабинетімізге келіп, жағдайымызды сұрап тұратын.
Біз машбюрода 4 қыз болдық. Марқұм Сарқып Ысқақова,
Рцжан мн Аяшжұмысты алып кетуім көп септігін тигізді. Корректор болған Әйкен мен Бағдатапайларға мың алғыс. Бәріміз әлі күнге туыстай болып кеттік. Көбінесе спорт бөлімінің материалдарынбасатынмын. Бөлім меңгерушісі, танымал спорт журналисі Несіп Жүнісбаевағамыздығ әр жазғанын сүйсініп отырып басатынбыз. Бас редактордың орынбасарларыЕржұман Смайыл, Ерғали Сағатов, бөліммеңгерушілері Жарылқап Бейсенбаев, Өтеген Оралбаев, қасым Әхімханов секілдіағалардың қамқорлығын көрдік.
1986 жылы Желтоқсан оқиғсы әлі есімнен кетпейді. Солкездегі Қазақстан комсомолы орталықкомитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахмановағамыз редакцияда жиналыс өткізіп, жастарды кінәлаған сәттері де ұмытылмастайболды. Алайда біз қазақ жастарының алаңға неге шыққанын жақсы түсіндік.Жиналыстан соң жиналып алаңға барып, жағдайды көзбен көрдік. Ақырын таяқ жепқайттық. Газетті сол жылдары басқарған, қоғам және мемлекет қайраткері УәлиханҚалиханов ағамыз басылым арқылы ұлт рухын көтеретін керемет материалдарбергізді. Қатал саясатқа «Лениншіл жастың» оңайлықпен мойын ұсынбайтынын байқатты. Тіпті газет атауын бір түнде«Жас Алаш» деген атпен шығарып жіберді.
Төрехан Данияров, Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбекбасшылық еткен жылдары да басылымның бағы таймады. Олардың әрқайсысы «Жас Алашарқылы» елге танылды. Жазушы, қоғам қайраткерлері.
Бүгінгі Жас Алашты» интернет арқылы оқып отырамын. Өтеөткір, ұстараның жүзіндей деуге болады.Әр мақаланың арғы жағында ащы шындық тұрады. Бұл биліктегілерге ұнамауы мүмкін.Бірақ газет осы ұстанымы арқылы ұлттың жоғын жоқтап, халықтың қамын күйттеп, әкім-қаралардың назарынан тыс қалған жандарғажан жылуын сыйлап келеді. Бір ғасырға жуық уақыт өмірдің өзін боямсыз көрсетіп,шынайы тіршілікті суреттеп, болашақ ұрпақтың қамы үшін қызмет етіп келе жатқанбақытты басылымның 100 жылдығы құтты болғай!
Кәмшат Төлешова