Руханият

Жас Алаштың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті

БАҚ өкілдері арасында республикалық «Жас алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне бильярдтан турнир өтті.

Жас Алаштың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті

Турнирге еліміздегі мерзімдік басылымдар мен телеарналардан 41 журналист қатысты.

Тартысты өткен тастаяқ жарысында І орынды республикалық «КТК» телеарнасының тележүргізушісі Ерланби Дәулетияр жеңіп алса, ІІ орын Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Ерғали Қартайғанға бұйырды. Ал ІІІ орынды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Данияр Сейсенбаев пен Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Табиғат Абаилдаев өзара бөлісті.

Турнирдің І орнын иеленген жеңімпазға белгілі журналист Жолдасбек Дуанабай атындағы ноутбук сыйға берілді.

Жүлделі ІІ орын иесіне қолдан жасалған кий (бильярд таяғы), ІІІ орын жеңімпаздарына смартфондар табыс етілді. Ал жақсы ойын өрнегін көрсеткен әріптестерге «Жас алаштың» логотипі бар естелік-сувенирлер ұсынылды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз